Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Алматылық әйел қызымды 11 жасынан бері зорлаған туған әкесі жауаптан құтылып кете ме деп қорқып отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Іnformburo31 сілтеме жасап.
Шырылдаған ананың айтуынша осыған дейін ашылған істі тергеушілер тоқтатып тастаған 20 жыл отасқан жолдасынан мұндайды күтпеген азаматша, сұмдық жағдай бір емес, бірнеше рет қайталанғанын айтады. Осыған дейін ұрып-соққан күдікті енді қос балапаныма зиянын тигізе ме деген қорқыныш оған маза бермейді.
Көңілі бір күнде алай-дүлей болған ананың жүрегінде қазір жазылмастай жара қалған. Карантин кезінде өзі тіршілік жасап, күнкөрістің қамына кіріскен әйел күйеуінің 9 ай бойы үйінде қыздарымен қалғанын айтады. Әуел баста әке мен қыздың арасындағы кикілжіңдердің төркінін түсінбегендіктен қатты мән бермеген. Кейін шыдамаған қыз білім ордасындағы ұстазы мен психологқа айтыпты.
Алғашқы жолдасынан ажырасып, екінші күйеуімен 20 жылға жуық уақыт отасқан екен. Екі қыз бір ұл тәрбиелеп отырғанбыз деген әйел, үлкен қызына да туған әкесінің қолы тиген деп отыр. Бірақ, осыған дейін жазылған арызды тәртіп сақшылары дәлелсіз деп, маусым айының соңында тоқтатқанын жеткізді. Ал, күдікті азаматтың қорғаушысы әзірге нақты ештеңені кесіп айта алмай отыр.
«Оны дәлелдейтін тергеу органдары дәлелдеуі керек. Ал бірақ қолдағы бар материалдар, экспертиза бойынша ешқандай дәлелді тапқан жоқ. Прокурор 10 күнде сол қаулыны тергеушінің заңды, заңды емес екенін тексеріп істі, одан кейін не соны құптау керек не қайтадан қайтаруы керек», дейді күдіктінің қорғаушысы Ерлан Ахмадиев