Әкемнің көкбет қарындастарынан қалай құтылсам екен

Oinet.kz 12-11-2022 3859

Кейде бәрі түсім болса ғой деп армандаймын. Аллаға мың да бір шүкір, жағдаймыз жақсы, ата-анам бар, екі інім бар, әжем бар, және әкемнің екі қарындасы бар. Екеуі де тұрмыс құрмаған, бізбен бірге тұрады. Үлкен қарындасының бір қызы бар отбасылы кісіден. Ал кіші қарындасы жасы 30-ға келді. Екеуі де жұмыс жасамайды, ешқандай пайдасы жоқ, пайдасы құрысыншы, тыныштық берсе де жеткілікті.

Screenshot_9.jpg

Әке-шешем айдалаға жұмысқа кетеді 10-15 күн, сондағы балаларым үшін деп, біз ешкімнен кем болмасын деп бар тапқанымен біз үшін, осы үйді асырайды. Кредитін, квартплатын, той-садақаға, қыдырып-жүріп тұруға бәріне әке шешем жеткізіп отырады. Аллаға мың да бір шүкір! Бірақ осы жақсылықты оның екі қарындасы түсінбейді. Олар жоқта бізді жерден алып, жерге салып, ұрысып, керісіп қаламыз. Әсіресе мен, үндемей отыра алмаймын, менің мамамды жамандағанда, кемісітіп күлгенде шыдап отыра алмаймын да айқайласып қаламыз. Бір күнім тыныш өтпейді.

Жасым 20-да, жұмыстан үйге келгім келмейді, бірақ інілерімді ойлап, әжемді ойлап сабырға келемін. Үйде мама болғанда өзімді xаншайымдай сезінемін, себебі мамамның жылуын сезініп, өзімді қорғайтын адам бар екенін түсінемін. Анам үйде болса да олар қысылмайды, әркімді жамандап, күліп, шешесінің құлақ етін жеп күнде бір пәле іздеп отырады. Ішкен-жеген ыдыстарын да жумай тұрып кете береді.

Үлкен қарындасының өз үйі бар, соған бармай әдейі бізбен бірге тұрады. Себебі біздің үйде не ішем, не жеймін демейді, бәрі дайын тұрады. Әжем өте жуас адам, қыздарының қылықтарын жақтырмай отырса да үндемей қала береді. Ал әкем ішеді, ішкенде ешкімге зияны жоқ өз бөлмесіне кіріп киносын қарап жатады, ол күйінгендіктен, қарындастарына қарны ашып ішеді, жан баласына зияны тимейді. Тамақ та ішпей сол бөлмесінен шықпайды.

Бүгін міне, қатты айқайласып қалдым, жарылып кетейін деп әрең жүрмін, қалай олар адам болып кетер екен? Мен тіпті әке-шешемді сол екі қызға тастап күйеуге де шыққым келмейді, үйде қандай жағдай болса да жауапты өзіммін. Ақшаны өзім ұстаймын, мамаларым жұмысқа кетіп қалады, әжемнің жасы үлкен, айналғанда бәріне өзім жеткізіп, қарыздарды төлеп, тамақты да сатып аламын. Інілерім сабағына қарап, үйге қарап, шәй тамақтарын пісіріп, дайындап отырамын. Ал осы жауапкершілікті мен кетіп қалсам, кімге тастайтынымды білмеймін. Әлгі екі апам тамақ алсам да сөйлеп отырады, неге мынаны алдың? Анау жаман, мынауы жақсы еді ғой, неге көп алдың, оны кім жейді, неге аз алдың ол кімге жетеді деп, бар алғаның осы ма, үйге анадай керек, мынадай керек деп бұйырып сөйлеп отырады. Бұл қыздардан қалай құтыламын? Назар аударғаныңызға раxмет!

Айнаш, Тараз

Аlashainasy.kz

Ағамның жуастығынан жеңгем білгенін істеп жүр
Жеңгем адамгершіліктен жұрдай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу