Беті қалың жездем қырындап жүр

Oinet.kz 15-10-2022 2925

Жасым жиырма екіде. Бір әулеттің үкілеп отқан қызымын. Жақында ғана оқу бітіріп, жұмысқа тұрдым. Менің айтқым келгені жездем туралы. Әпкем өзінен 16 жас үлкен жігітке тұрмысқа шыққан. Жездем менен 28 жас үлкен.

Screenshot_6.jpg

Кішкентай кезімде үйлеріне барып балаларына қарайтынмын. Әпкем жұмыста кезде, жездем оны-мұны істеп үйде қалатын. Кейде маған 11-12 жасар қызға ойнағансып қол жүгіртетін. Онысын бала болып дұрыс түсінбеппін. Кейін мектептегі қыздар жиналысында осындай дүниелер туралы сөз қозғалып көзім ашылды. Сосын жездеме жоламайтын болдым. Үйге келсе, оңаша қалмауға тырысып, ал үйіне бала қарауға шақырса жылап бармайтынмын. Оныма әпкем мен әке-шешем ренжитін. Кейде амалсыз баруға тура келетін. Бірақ тиіскен жоқ. Бәлкім менің арам ойын сезіп қойғанымды білгесін, қорқақтаған шығар. Бірақ ешкімге ештеңе айтпадым. Жоғарғы сыныпта оқып жүрген кездерімде үйіне тіпті бармай қойдым. Әпкемнің де, әке-шешемнің де көңіліне қарағам жоқ. Сонда да үйге келгенде амандасып жатып, тиісіп қалғысы кеп тұратын.

Сөйтіп мектеп бітіріп, оқуға кеттім. Миым да, жаным да тынышталды. Үйді сағынып жылағаннан гөрі құтылғаныма қуандым. Былтыр әпкем онкологиялық дертке шалдығып қатты ауырып қалды. Бірнеше рет ота жасатты. Шашы түгел түсіп қалды. Жақында ғана төртінші баласын босанған болатын, қатты қиналып кетті. Отадан кейін газға жолауға болмайды деп, тамақ жасауға үзілді-кесілді тыйым салды. Сосын амал жоқ үйлеріне барып, қарасуға тура келді. Жеке бөлме берді жатуға. Менің ұйқым өте сергек. Шизофрениялық дертім бар. Оның үстіне аурасы жақпайтын үйде тіптен елегізіп, қорқақтап жаттым. Сезген екенмін. Бірде есіктің тұтқасын біреу ұстағанын сездім. Бұрынғыдай бала емеспін ғой, қорқып, өтірік жөтеле бастадым. Ашпады. Біраз уақыт өткесін тағы да есікке біреу жақындағандай болды. Не істер екен деп үндемей жаттым. Жай ғана есікті ашып жатыр. Бұл жолы өтірік аунап түстім. Ылдым-жылдым кері басылған адым даусын естідім. Бірақ есікті ашық қалдырды. Сосын дереу тұрып, есікті қатты тартып жаптым да, жарығымды қосып, бер жағынан тұтқаны ұстап отырдым. Таңға дейін. Ертесіне әпкеме қалаға кетуім керек деп тайып тұрдым. 

Енді мұны біреуге айтайын десем, оған тиісуге мүмкіндік бергем жоқ. Айтпайын десем қоятын түркі жоқ. Бір жағынан олардың да, өзіміздің де әулетіміздің берекесін қашырғым жоқ. Сонда деймін де сұп-сұлу, төрт бірде бала туып беріп отқан әпкем, өмірмен күресіп жатқан кезде, жасап жүрген тірлігін қалай түсінуге болады? Оның беті қалың екенін бұрыннан білемін. Дегенмен, ұрыс-керістен қашып жүрдім.

Енді 4 ай болды үйге бармағаныма. Барсам да тек сенбі-жексенбі бара аламын. Ал ол күндері олар үйде жүреді. Неге екенін білмеймін. Жездемнің кесірінен жақындарыма жат болып барам. Не істеуге болады?!

Сырсұлу

Абысыным күйеуімнің ойын бұзып, қойнынан бірақ шыға ма деп қорқамын
Құдай-ай, анам бүгін таяқ жемесе екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу