Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мен кішкентай арманшыл қызбын. Аллаға шүкір 3 бауырым бар. Анам өте жақсы кісі. Ал әкем... Әкем ішімдікке жақын кісі. Ішіп келсе үйде береке де, тыныштық та жоқ. Айқай-шу, қақаған суықта далаға түнеген күндеріміз де болды. Күнде Алладан ішіп келмесе екен деп жалбарынып жылайтынмын.
Ол кездері мен бала едім, небәрі 7 жасар. Көрмегенді көрсететін, анамды аямай соққыға жығатын. Оның үстіне жоқшылық... Солай өмір мені ерте есейтті. Басқалар секілді алаңсыз асыр салып ойнаған емеспін. Бар уайымым анам бүгін таяқ жемесе екен болушы еді. Сонда да әкем сәл ауырып қалса жаным шығып, асты-үстіне түсіп жағдайын жасайтынмын. Қанша аш отырсақта біз үшін әкем ішпеген күні той еді. Түсінбеймін балдарының бақытынан арақты қымбат көретінін. Қанша айттық, жылап та, күліп те бәрі бір сол әдеті. Біз кішкентай сарайда тұрдық.
Сыныптастарым үйімді айтып, әкемді айтып мазақтап маза бермейтын. Содан өте жасқаншақ болдым, өзімді бәрінен төмен санаймын...
Ең үлкен арманымның бірі тілші болғым келген. Бала кезімнен қатты армандап едім. Бірақ ол арманымды жүзеге асыруға мүмкіндігім болған жоқ. Шіркін анамның да арманы сол еді.
Кейде жәй ғана өліп қалғым келеді. Шаршап кеттім ғой, бір жанашыр қолдаушымыз жоқ. Неше жылдан бері күнде Алладан үш тілек тілеп келем. Әкем арақты қойса екен, жақсы бір тілші атансам екен және анам ұзақ жасасын деген. Жаңбыр жауса біткенше тілек тілеп тұрам. Жазықсыз жүрегім қанша қиындық көрсе де әлі де жақсы нәрселерге сенеді. Тек анам үшін ғана жүрмін мына жалған дүниеде. Әкеме қалай ішімдікті қойдырсам екен? Мына арақтың азабынан қайтып құтылсақ екен?
Гүлсая