Күйеуімді мүлде танымайтын сияқтымын

Oinet.kz 25-09-2022 4116

Күйеуім бөтен адам сияқты. Оны кейінгі кезде мүлдем танымайтындаймын. Үйленгенімізге 8 жыл болды, оған дейін екі жыл жүрдік. Соңғы жарты жылда ұрыс пен түсінбеушілік көп. Тіпті мені алдап жүргенін ұстап алдым. Көңілдесі бар сияқты. Телефонын қолынан тастамайды.

Screenshot_10.jpg

Дастан екеуміздің жұбымызға бәрі қызығатын. «Екеуің бір-біріңді көзқарастарыңнан-ақ түсінесіңдер», «Ол сені ылғи аялап отырады», «Осындай сымбатты жігітті қалай қолға түсірдің» деген таныстарымыз бен құрбыларым ылғи бізді үлгі тұтып отыратын. Білмеймін, әлде бір-бірімізден шаршадық па, әлде мен оны әйел ретінде қызықтырмайтын болдым ба – себебі белгісіз. Мен де оны көп қызғанатынды шығардым. Қалай қызғанбайын, бір жерге шыға қалсақ өзге қыз-келіншектерге қылмыңдайды, әріптес қыздар кеш болса да смс жазады, үйде дәретханаға барса да қолынан телефоны түспейді.  Өткенде балалар көлігінің ішіп шашып тастаған соң тазалап жүріп машинаның кілемшесінің астынан мүшақап та тауып алдым. Көзіме шөп салып жүргеніне басқа қандай дәлел қажет?! Тек қолыммен ұстап алған жоқпын әлі. Тауып алған затты көрсетіп “Мынау не?” десем “Менікі емес. Өткенде көлігімді бір әріптесім сұрап мініп кеткен, соныкі шығар” деп ант-су ішеді. Сенбеймін! Сене алмаймын!

Ал, жақында күйеуімді мені алдап кетіп, әріптес достарымен отырған жерінен ұстап алдым. Маған көрші қалаға іссапарға кеттім деген. Бірақ сол күні бір таныстарым оның көлігін кафеден көргенін айтты. Ерінбестен сол жерге бардым. Кіріп қалсам әріптестерімен көңіл көтеріп отыр екен. Араларында қыздар да бар. Сонымен не керек, «мені іздеп, неге әріптестерімнің алдында масқаралайсың» деп өзіме тап берді. Сол күні ұрсысып қалдық. Бір шаңырақтың астында өмір сүрсек те 2 аптадай сөйлеспедік. Қиналып кеттім. Қазір депрессияда жүрмін. Жүрегіммен сеземін – ол мені алдап жүр. Көңілдесі бар сияқты. Құрбым «оның ватсап желісін оқып көр» деп кеңес берді. Бірақ батпаймын, оның үстіне қорқыныш та басым. Егер күмәнім рас болып шықса ше? Ажырасайын десем екі баламыз әлі кішкентай, барар жерім де жоқ. Күйеуімді мүлде танымайтын сияқтымын. Бір төсекте жатсақ та, ол менен бірнеше шақырым алыста сияқты сезіледі.

Назерке, Балқаш қаласы

Күйеуім жүкті екенімді естігенде қуанбады
Жарым жас қыздарға көз салып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу