Дуалау деген бар екен

Oinet.kz 15-09-2021 1423

Мен дуа, магия дегенге мүлдем сенбейтінмін. Адамдардың өздерінің сол туралы қорқынышы, ойы сондай ой қалыптастыруға себеп болады деп ойлайтынмын. Алайда жақыннан бастап, дуаның бар екеніне, адамдардың бастарын дуамен айналдыруға, тіпті дуалап ауру қылуға болатынына көзім жете бастады. Қазір дуадан өлердей қорқамын.

image.png

Менің жасым 21 де. Тұрмыстамын. Бір ұлым бар. Күйеуіммен бақыттымын. Жолдасым өзімнен 10 жас үлкен. Бір бірімізді сүйіп қосылдық. Бірақ, күйеуім бойдақ кезінде жастықпен бір қателік жасап қойған... Некесіз туылған бір баласы бар. Оны маған ол сәби дүниеге келгенше айтпай жасырып жүрді. «Неге айтпадың» деп сұрасам, «сенен айрылып қалам ба» деп қорықтым дейді. «Менің ол сәбиге еш қарсылығым жоқ, болар іс болды, сәбидің кінәсі жоқ» дедім, ақша салып жатса, туылған күніне сыйлық жасап, телефон арқылы сөйлесіп жатса қайта қолдап қолымнан келгенше көмегімді беретініме шейін кезінде айтқан болатынмын. Ес жинаса өзімнің баламмен таныстырып, араласқанын да қалаған едім. Үлкендердің кінәсі үшін ешқашан бала жауап бермейтіні рас қой. Бірақ ол баланың анасы бір зұлым болды. Күйеуім онымен тек балам үшін араласып жүрмін деді. Мен оған сендім, себебі ол өлердегі сөзін айтып сендірді. Бір рет шалыс қадам басқанын мойындады.

Алайда әлгі әйел телефоныма тыныштық бермейді. Тіпті бір рет өзге жігіт болып смс жазып «жаным аймалағаныңды сағындым» деп менің нөміріме басқа жігіт болып смс жазып, күйеуім мен екеуіміздің арамызға жік салуға тырысты. Күйеуім де сол екенін біліп, кейін мән беруді де қойған еді. Оған қатысты барлық нәрсеге жолдасым екеуіміз өзара түсінісіп қоя салатынбыз. Телефон арқылы, әлеуметтік желі арқылы мазалағаны ол жасаған ісінің ең қарапайымы екен. Кейін істейтін істері тіпті сорақылана бастады.

Мен осыдан 6 ай бұрын екінші рет көтеріп едім, бірақ жақында белгісіз жағдайларда түсіріп алдым. Дәрігерлер де таң қалды. Өйткені соған дейін денсаулығымда ешқандай ақау болмаған. Анализдер де ойдағыдай болатын. Ештеңеден қорқып, секем де алған емеспін. «Бәрі жақсы болып еді» ғой деп дәрігерлердің өзі қайта қайта тексерді. Ал мен өлі сәбиімді көргенде қатты қиналдым. Тіпті жүрегім тоқтап қала жаздады.

Содан уақыт өте келе ем алдым, бірақ көтере алмай жүрдім. Тіпті соңғы кездері денемді жара басып, түнімен ұйықтай алмай жаман түстер көріп шоши бастадым. Содан енем қоймай тәуіпке апарды. Мен ондай нәрселерге сенбейтін едім, бірақ сол тәуіп кісінің айтқан сөздерін естіп таң қалдым. Тәуіпке алғаш барғанда есіктен кіре беріп ем, «сені күтіп отырмын» деп, тез жақында деді, мен сөйлей алмай жақындап отыра бердім. Кекіріп, есінеп, озін нашар сезіне бастады, сосын бір сағаттай әлдене оқыды. Содан соң «сені біреу қатты дуалаған» деді де, дуалаған адамның есімін айтқанда, не істерімді білмей қалдым. Жылап жібердім, есімді зорға жинадым. Сенбейін десем, «өзің біл мен білгенімді айттым» деді. «Қазірдің өзінде сені іштей дуалап жүр» деді тағы. Күйеуіме де дуа жасаған, шынымен де соңғы кездері жолдасымның жолы болмай қиналып жүр еді. Қазір оқытылып жатырмын. Алайда не істерімді білмей қоркып жүрмін. Үйіне барып сол әйелді жанын шығарып тұрып ұрып, ұятқа калдырайын десем, келешекте отбасыма бір қасіреті тие ма деп қорқамын. Мұндайларды не заң орнына беріп қорқыта алмайды екенсің. Тіпті үйдегі кішкентайыма зияны тие ма деп қорқамын. Тіпті уақыт өте оқытып жолдасымды тартып алса қайтемін? Ақыл қосар болсаңыздар қуанамын. Менің басыма салғанды, сіздердің бастарыңызға салмасын деп тілеймін.

Ақмарал ӘБУБӘКІР, Семей қаласы

Алаш айнасы

Шайтан қызының шырмауына түске жігіт...
Ажалсыз бала... (Болған оқиға желісімен)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу