Ақшамның бәрін қайын атам ұстайды

Oinet.kz 11-09-2021

Screenshot_9.jpg

Жасым 22-де. Тұрмыс құрғаныма 2 жылдың жүзі болды. Ата-енеммен бірге тұрамыз. Отбасылы болмай тұрып елордадағы мектептердің бірінде қызмет істеп жүрдім. Тұрмыс құрғаннан кейін де декретке кеткенше жұмыс істедім. Жаңа отбасымның заңы бойынша үйде ақшаны қайын атам ұстайды екен. Қайын апам мен күйеуімнің картасын алып қойыпты. Сәйкесінше, келін болып түскеннен кейін мен де ақшамды қайын атама беруім керек болдым.

Өз ақшасын өзі жұмсап,  керегін ала салатын мен үшін бұл өте ауыр еді. Күйеуімнің көңілі үшін ұзақ уақыт үндемей, ақшамды беріп жүрдім. Тіпті балаға берілген жөргекпұлды да тартып алатын болды. Қызымызға бір затты алсақ, екіншісін кейінге қалдырамыз. Қайын атам өз немересінен ақша аяп тұрады. Баланың ақшасын өз керегіне жұмсайды. Соны ойласам, қаным басыма шабады. Қызымның өзге балалардан кем өскенін қаламаймын. Оған бар жақсыны алып бергім келеді. Алайда бәріміз қайын атамның қолына қарап отырмыз. Жұмыс істеп жүргенде де өзіме қажет дүниемді сатып ала алмайтынмын. Күйеуім үйдің жалғызы болғандықтан бөлек шығайық деп те айта алмаймыз. Басым әбден қатты. Бұған қашанға дейін төзуге болады?

Сырласу журналы

Енемнің қисынсыз талабын орындаймын деп түсік тастадым
Мысық рухымен ойнаған қыз


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×