Мұндай махабба тек ұлы тұлғаларда ғана болады

Oinet.kz 06-09-2020 989

Махаббат дегеніміз – екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы...

Егер біз махаббатты Эверест шыңына теңесек, сол шыңға шыққандар саусақпен санарлық. Жұрттың бәрі үйленіп, тұрмыс құра береді. Бірақ оның бәрі махаббат емес. 100 адамның ішінен 1 - 2 адам ғана махаббатқа жақындауы мүмкін» деген ой айтамын. 

RwiyL7SWjNw.jpg

Менің «Қонаевтың дара махаббаты» деген өлеңім бар. Өзім Қонаевпен жақсы араластым. Мен оның үйіне баратынмын, ол маған келетін. Зухра деген әйелі бар еді. Татардың қызы болатын. Басында мен де «Татардан алғаны несі?» деп ойладым. Екеуінің арасында бала болмады. Ауылының қариялары бір күні жиналып Қонаевқа келіпті. «Мына әйелден (Зухра) бала болмады, біз сенен ұрпақ алып қалуымыз керек. 20 жасар қызды дайындап отырмыз», – дейді. Әйелі Зухра ақсақалдарға «Өздеріңіз біліңіздер. Димекең қалай шешсе, солай болсын», – деп жауап беріпті. Ал Димекең: «Жоқ, маған Зухрадан басқа әйел керек жоқ», – деген көрінеді. Димекең Мәскеуге, Ленинградқа барғанда міндетті түрде күрделі кітаптар әкеледі екен. Оны Димекеңнен кейін Зухра да оқып шығады. Сосын екеуі талқылайды, әрқайсысы өз ойларын айтады. Кейде сондай талқылаулармен таң атырады екен. Димеңең бірде маған: «Ғашықтық ғаламаты» деген өлеңіңізді талқылап, бір кешті сіздің поэзияңызға арнадық», – деді. Сонда олар кез - келген тақырыпта ой алмасатын болып тұр ғой. Димекең: «Еш уақытта бір - бірімізден зерігіп көрген емеспіз», – дейді. Димекең әр үйіне барғанымда «Зухраның өмірден кеткеніне 2 ай, 10 күн болды. 3 ай 18 күн болды» деп айтып отыратын. Сағынатын. Ал қазір жастар үйленеді, сосын орталарындағы әңгіме «Бала қалай? Анау қалай? Мынау қалай? Ақшаны қайда жібердің?» деген төңіректе болады да, жаңағыдай әңгіме жайына қалады. Бір - бірін байыту, толықтыру деген атымен жоқ. Сондықтан үйленудің бәрін махаббат деуге болмайды. Махаббат дегеніміз – екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы. Мұндай махаббат – тек ұлы тұлғаларда ғана болады....

Ер адамның киімін баспа
Баланың түнде ұйқысы тыныш болсын, шошымасын десеңіз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу