«Таза қала» жеңімпазы дауыс беруге қатысты
20-11-2022
Карантин режимінде көп мекеме жұмысын тоқтатып, мамандар жұмыссыз қалуда. Ақша табу үшін өмір сүруге бейімделген қоғам үшін бұл айтарлықтай соққы. Назарларыңызға төтенше жағдайлар кезінде аудиториялық сұранысын жоғалтпаған мамандықтар жайлы мағлұмат ұсынамыз!
Бағдарлама дайындаушы(программист) ― математикалық модельдер негізінде алгоритмдер мен бағдарламаларды әзірлеумен айналысатын маман. Шартты түрде бағдарламашыларды үш санатқа бөлуге болады: қолданбалы бағдарламашылар ұйымның жұмысы үшін қажетті бағдарламалық жасақтаманы әзірлеумен айналысады. Жүйе бағдарламашылары операциялық жүйелерді, интерфейстерді таратылған деректер базасына әзірлейді, желілермен жұмыс істейді. Бұл санаттағы мамандар ең сирек және жоғары ақы төленеді. Web-бағдарламашылар желілермен айналысады, (Internet сияқты жаһандық желілермен) . Олар деректер базасына web-интерфейстерді жазады, динамикалық web-беттерді жасайды.
Сауда өкілі ― компанияның белгілі бір тауарларын сауда мекемелеріне ұсынатын, сататын, тарататын қызметкер. Сауда өкілі немен айналысады? Ол сауда нүктелерінде жүреді, тауарды ұсынады, келіссөздер жүргізеді, сату бойынша келіссқздер жасайды. Фирмасының өнімдері бар дүкендерде тауар сатылымын бақылайды. Кейде мерчендайзердің кейбір функцияларын орындайды.
Жоба менеджері ― жобаның табысты орындалуына жауапты маман. Тапсырыс беруші көрсеткен мерзімде, қажетті сапамен, бекітілген бюджет негізінде, жобаны тапсырыс берушінің талабына сай орындалуын қамтамасыз етуші маман. Бизнесте жоба бойынша жұмыс өзінше өнер болып табылады және шеберлікті, уақытты және күш-жігерді талап етеді.
IT менеджер ― ақпараттық технологиялар саласындағы менеджер. Технология, тұтынушылар мен қаржы айналымында жұмыс іститін еңбеккер.
Клиенттерге қызмет көрсету маманы ―клиенттерге тауардың функциясын түсіндіруші маман, сату өнерінің қызметкері. Сапалы тауар мен сапалы таныстырылым кей жағдайда сәйкес келмей жатады. Мамандық иесінен тұтынушының қажеттілігі мен компания өнімінің ұқсастықтарын сипаттау сұралады.
Қолдау қызметінің маманы ― қызмет ететін мекемесіндегі тұтынушылардың сауалдарына жауап беріп, мәселелерін шешуге ат салысатын маман. Операторлыққа жақын, ерекшелігі кәсіп сферасындағы танымының кеңдігі, кәсіби біліктілігінің жоғарылығы.
Суреттер ашық дереккөзден алынды.