Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Сәбиді туа біткен болмысы қандай дәл сондай етіп қабылдауы жайында және оны кемшіліктерімен, қателіктерімен қоса жақсы көре білу керектігі туралы естіп жүрміз. Алайда баланы тәрбиелеуде барлығына рұқсат беру мен тәртіп арасындағы шекара қандай болуы тиіс? Балаға не істеуге рұқсат, ал ата-анаға не істеуге болмайды? Баланы жақсы көре тұра қалай еркелетіп жібермеу керек?
Сіз не істесеңіз де немесе не айтсаңыз да, ол баланың өздігінен дамуына, жауапты болуына, еркін шешім қабылдауына, сезімін ашық білдіруіне, өз әрекетінен пайда болған нәтижені бағалай білуге ықпал ету керек. Өзіндік тәртіпті меңгеру үшін бала еркін таңдау жасай алу керек және ол өзінің қандай да болмасын шешімнің салдарын ұғып, өзінің әрекетіне өзі жауапты екенін түсінуі керек.
Балаға кішкентай кезінде қателік жіберуіне мүмкіндік беріңіз және ол қателікті баланың орнына өзіңіз түзеп жүрмеңіз. Бала кезінен бастап барлық қателіктерді ата-анасы немесе басқа да адамдар түзей берсе, бала өскен соң да, өз ісіне жауапты бола алмайды. Әрине, бала әзір өзі түзей алмаса, ол өзінің кінәсін сезіммен көрсете белгені дұрыс. Мысалы: ашуланады, уайымдайды, көңіл күйі түседі.
Оқушылар өмірінен бірнеше мысал ұсынамыз.
1-мысал. Балаңыз сабақтан екі алғаны үшін көңіл күйсіз келді. Сіздің алғашқы реакцияңыз – оның дұрыс дайындалмағандығынан немесе мұғалім әділ болмады деп көңіл күйіңіз түсіп, балаға ұрысу. Сіздің мақсатыңыз кінәліні іздемей, баланың өзіне деген сенімін арттырып, одан да жақсы оқуы үшін ынталандыру. Балаға қателікті түзеуге болатындығын және олар бірдеңеге үйрететіндігін айту керек. Бұл жағдайда екілік баға баланың сол пәнге көп мән беру керектігін түсіндіреді, алайда ол баланың ақымақтығын және қабілетсіздігін көрсетпейді. Мұндай жағдайда сіздің дұрыс реакцияңыз мынадай болуы керек: «Екі алдың ба? Бұл сенің қателік жібергендігіңді ғана көрсетеді. Бұл бақылау жұмысы арқылы сен нені білмейтіндігіңді анықтай аласың. Қаласаң, саған нені қосымша оқу керектігін бірге анықтайық?».
2-мысал. Балаңыз сабақтан бес алғаны үшін (мүмкін бірнеше бес) қуанышты келді. Сіздің алғашқы реакцияңыз – оны мақтау. Шектен тыс мақтау баланың өзін-өзі бағалауын арттырмайды. Мақтай отырып, оған «Сен қаласаң, істей аласың» деп өзіне деген сенімділікті арттыруына ықпал етіңіз. Ол жағымды бағаға тәуелді және өз әрекетінің нәтижесін бағалай алмайтын адам болып өсуі мүмкін. Бұл жағдайда баланың жағымды сезіміне сүйене отырып, оған сәтті нәтижеден қуанышты өзі сезінуіне мүмкіндік беру керек. Онымен бірге қуанышты былай бөлісіңіз: «Шынымен риза екендігіңді көріп тұрмын!», «Сенің қуанғаныңды көру бақыт!». Егер бала сезімі туралы ештеңе айтпай, үндемесе, оған «Не сезіндің?», «Сені бәрінен де қатты не қуантты?» деп сұрақ қойыңыз.
Дереккөз: massaget.kz