Исраил Сапарбай. «Бойжеткеннің жүрісі»

Oinet.kz 30-09-2018 1026

63e685261b2333a37e4ee666af126660.jpg

Ұшып бара жатқандай қалқып қана, 

Қолында ма қос қанат? 

Қолтықта ма? 

Қолаң шашы төгілген хордың қызын 

Ей, дүние, үркітпе, қорқытпа да! 


Жүзіп бара жатқандай жәйлап қана, 

Айдынға да көз тастап, 

Айлаққа да. 

Қасы-көзі қиылған қарағымды 

Қарауылға қайтесің байлап, бала?! 


Ақ тамақты ару қыз, қара меңді 

Қай мекеннен адасып, дара келді? 

Қалтаңдаған қария, 

Көкешіме, 

Көзің өтіп кетеді, қарама енді! 


Алдында – арман, 

Аялсыз алдында Уақыт 

Осы ма екен баянсыз балғын бақыт? 

Сілекейі шұбырған ей, Бозбала, 

Неменеге сілейіп қалдың қатып? 


Асфальтыңыз айналып алақанға 

Дән тосқандай Көгершін – балапанға. 

Қауызына түсірмей қара таңба 

Сәуірден гүл жетсе екен Саратанға...

Исраил Сапарбай. «Сана сырқаты немесе Бұқарға еліктеу»
Исраил Сапарбай. «Менің мұңым тек қана менің қайғым емес қой»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу