Заида Елғондинова. «Мені ұмытпа, ақша бұлт»

Oinet.kz 30-09-2018 896

Мені ұмытпа, ақша бұлт,

Алатауға көшкенде.

Жанарыңнан жас тамып,

Енді желден сескенбе.


Ызғары бар сан күздің,

Жаным ғашық көктемге.

Мен де сендей жалғызбын,

Жымиям жел өпкенде.


Жан біткенге сарай жер,

Қызыл-жасыл құл өмір.

Тереземнен қарай бер,

Қуансыншы жүрегім.


Мендік өмір күйге сын,

Жаным қазір жаңғалақ.

Жапырақтар билесін,

Желпінсінші тал-дарақ.


Шарлап үнсіз қиырды,

Бұра тартты мұң бетін.

Маған көктем бұйырды,

Тереземде суреті.

Заида Елғондинова. «Ақша бұлтқа наз»
Заида Елғондинова. «Жетем бе саған қусам бір»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу