Жанна Елеусіз. «Құс көрмеймін қаланың аспанынан»

Oinet.kz 26-09-2018 935

Без названия.jpg

Құс көрмеймін қаланың аспанынан…

қайда кеткен қанатты туыстарым?..

жылу іздеп жапанның тастарынан,

паналай ма үй асты қуыстарын…

 

бүлкілдетер секемшіл бүйректі не…

бұлбұл тұтқын билікке, бұлғын – дәрі…

уысынан жем беріп үйретті ме,

сәулетті үйдің дәулетті тұрғындары…

 

қарлығашым, қанаттас кептерлерім,

қайда жүрсің еркіңмен ұшып-қонбай?..

саңғып кеткен қыран құс бөктерлерін,

жалап-жұқтап, жағып жүр пысық торғай…

құс көрмеймін қаланың аспанынан…

Жанна Елеусіз. «Сен де бөтен, Мен де саған бөтенмін»
Жанна Елеусіз. «Мұң – тауда, өрде – көңіл»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу