Ержан Жұмабек. «Өмір заңын, білмеймін, меңгердім бе?»

Oinet.kz 20-09-2018 1749

388e1fb052d514719b7884733b1985d1.jpg

Өмір заңын, білмеймін, меңгердім бе?

Ғұмыр кешіп келемін елмен бірге.

Аяғымды сабырмен әрең алып,

Тәубе деймін, әйтеуір, көрген күнге…


Туыс-досым қасымда бүтін, аман,

Келер күнді бір күліп күтіп алам…

Тырнақшаның ішінде бәрі жақсы,

Көңілімді қайтейін шытынаған?


Жан-біткенді дос санап тең көрдім де,

Бағытымнан ажырап сенделдім де,

Үмітімнің нұрымен емделдім де,

Жай-күйлерің солай-ау, сендердіңде?!


Болашағым басымда жобаланып,

Алтын күндей жайнайды домаланып.

Қиялыма түйреуіш тағып қойдым,

Бір бақыттың, бұйыртса, болары анық!


Мейіріммен мәңгілік таң қарайды,

Еңбек, сенім ететін жанды арайлы.

«Арман – арман…»,- десек те, «алдамайды,»

Пенде өзінің тағдырын таңдамайды…

Ержан Жұмабек. «Тұман»
Ержан Жұмабек. «Тұжырым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу