Мұқағали Мақатаев. «Тay бір аңыз»

Oinet.kz 02-09-2019 1365

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Тay бір аңыз,

Тау - дастан.

Таусылмаған әу бастан.

Тоқтап қалған керуен,

Бір-бірімен жалғасқан.

Жетер жерге жеткенде,

Керуенші кеткенде,

Шығыс пен Батысты,

Жалғастырып шөккен бе?

Бұлттан бұйда тағынып,

Көктен көрпе жамылып,

Таулар жатыр аңырып,

Сапарларын сағынып.

Жетер жерге жеткесін,

Мәңгілікке шөккесін!

Оятпаңдар, байқаңдар!

Таулар тұрып кетпесін,

Тау бір аңыз,

Тау - дастан.

Таусылмаған әу бастан.

Ана - Жердің төсіне,

Алып сәби жармасқан.

Мұқағали Мақатаев. «Сен маған шарфыңды бер»
Мұхтар Шаханов. Қырғыздар мен қазақтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу