Мұқағали Мақатаев. «Сен қартайды дегенге»

Oinet.kz 02-09-2019 1254

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Сен қартайды дегенге мен сенбеймін,

Әжімменен кәрілік өлшенбейді.

Әжім деген - әйгілі тамшы-уақыт,

Тамшы-уақыт тасты да жеңсем дейді.

Шаршама, шашым ерте ағарды деп,

(Қайратың қан бойында қалар жүдеп.)

Ақ шаштың ар жағында - аппақ миың,

Әжімнің ар жағында - соғар жүрек.

Іреңің неге сонша мұң атулы?

Жігерің неге сонша уатылды?

Балауса шыбық едің, емен болдың,

Бойыңа жиып алып қуатыңды.

Самалы қуаныштың соқпай қалды,

Жанарың неге айнаға тоқтай қалды?

Тұрсың ба, жастықтағы нұрыңды іздеп?

Жаным, ол-жалын менен отқа айналды.

Мұқағали Мақатаев. «Арман қуып...»
Мұқағали Мақатаев. «Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу