Мұқағали Мақатаев. «Өлең керек»

Oinet.kz 02-09-2019 1175

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Сая болып жаныңа емен, терек,

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!

Есіңде ме, түндерің көз ілмеген?

Кезуде ойың өмірді, кезуде өлең.

Арғы атасы адамның - сезім болса,

Адам емес, сезімді сезінбеген.

Арғы атасы ақынның жырдан туған,

Жыр жолында жанын да қылған құрбан.

Жырлар тұнған хандардың сарайында,

Жыр айтылған бесікте құлдар тұрған.

Ұзатылып жат жұртқа барғанында,

Жыр айтылған қыздардың жар-жарында.

Жырлап, жылап, жыраулар жан тапсырған,

Жыр мен күйі күйзеліп бармағында.

Көкейкесті жырлар жаз жез киіктей,

Мақтау, даттау, жәдігөй сөзді күтпей.

Өлең, керек ұрпаққа, өзің мейлі,

Көлеңкеде қалсаң қал, көзге ілікпей!

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Ж...
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Жазғы қайғы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу