Мұқағали Мақатаев. «Өтініш»

Oinet.kz 02-09-2019 1462

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Ескі көздер бара жатыр азайып,

(Олар жайлы ойламаудың өзі айып).

Ей, тірілер!

Соларды бір еске алып,

Тебіренейік, толғанайық, жазайық!

Кетті олар.

Келмеске енді жол алды,

Қажымайтын солдаты еді қоғамның.

Қасиетін паш етейік олардың,

Қателігін кешірейік олардың...

Тіршілікте көрінеміз өлместей,

Тұра алмаймыз ерегеспей, белдеспей.

Өтейікші бірімізді-біріміз.

Өшіктірмей, өкпелетпей, сен деспей?

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Дәл осы көзім көрген қыздың жайы
Сұлтанмахмұт Торайғыров. Дін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу