Мұқағали Мақатаев. «Музаға»

Oinet.kz 02-09-2019 1269

Отырғанын қарашы күйім келмей,

Қайда кеттің?

О, Муза! Құйын желдей.

Аузымды ашсам өкпемнен жел үреді,

Қаңыраған иесіз диірмендей.

Мұздатады жанымды бұйым көрмей.

Жел үреді желпініп, көрік-кеудем,

Күйім келмей отырмын неліктен мен?!

О, Муза!

Қайдасың сен желік берген?

Жалын мен отқа ғана ерік берген

Серігім, қайдасың сен сеніп келген?

Дәптер жатыр парағы аударылмай,

Аударылмай шынымен қалғаны ма-ай!

Ойлар жатыр еңсемді бір көтертпей,

Тонна-тонна қорғасын салмағындай.

О, Муза!

Әуреге салғаның-ай!

Күтемін сенен үміт, сенен жігер,

Қисаң маған, биік пен тереңді бер!

О, Муза!

Маған алыс сөреңді бер!

Ғайыптан кел де, мені демеп жібер.

Сұлтанмахмұт Торайғыров. Бір адамға
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Бір адам көп жасады жер бетінде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу