Мұқағали Мақатаев. «Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет»

Oinet.kz 02-09-2019 1488

Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет.

Ойлы жас, түсініпсің, рақмет!

Рақмет!

Жассың ғой жалыны мол,

Жалыны мол және де қуаты көп.

Ойлы жас!

Өлең -- менің бар тынысым,

Жақсы сөзім - жаны игі халқым үшін.

Атақ қуып, бақ қуып, даңқ қуып,

Біреулерден жүргем жоң арту үшін.

Оңашада ойларын тыным еткен.

Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен.

Ақындар бар амалсыз бұғып өткен,

Ақындар бар ішінен тынып өткен.

Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен.

Бізді олардың балама біріне де,

Ұлыға да санама, іріге де.

Қалам тартқан қазақтың бәрі де ақын,

Абай, бірақ қайтадан тіріле ме?..

Ойлы жас!

Өлең менің сырласымдай,

Сырлассам да құмарым жүр басылмай.

Айтып өткен ақында арман бар ма

Жүрегінің түбіне кір жасырмай...

Сұлтанмахмұт Торайғыров. Әкелші
Сұлтанмахмұт Торайғыров. Байлық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу