Мұқағали Мақатаев. «Есіңде ме?»

Oinet.kz 02-09-2019

Есіңде ме?

Екеуміз де елде едік.

Екеуміз де жоқ нәрсеге шөлдедік.

Ағайынның айтқанына көнбедік,

Ойлап тұрсам...

Жасаппыз ғой пенделік.

Нені көрдік?!

He бітіріп, жөндедік?!

Нені сездік?

Нені көрдік, досым-ау?!

Аңсап көрген арманымыз осы ма?!

Елге қайтып кетеді деп шошыма,

Оралмаймын бір жығылған қасыма!

Есіңде ме, тар лашық, аласа,

Еденіміз - текемет пен алаша.

Аласа үйде - асқар таудай тамаша,

Аласұрып, қуанушы ек балаша,

Сонда біреу екеумізге қараса,

Тамыз еді...

Жылға, тоғай.

Оңаша.

Шіркін сол шақ!

Тамаша еді, тамаша!

Онда - тамыз, мұнда, міне, қараша...

Мұқағали Мақатаев. «Өмірімді несіне жек көремін»
Мұқағали Мақатаев. «Махаббат моласы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу