Мұқағали Мақатаев. «Қайдасың көріктім, гөзелім»

Oinet.kz 02-09-2019 1621

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Қайдасың көріктім, гөзелім

Сен-дағы ойлайсың сеземін.

Жалғызбын білмеймін неліктен

Болса да өз үйім, өз елім.

Едің ғой ақ қанат көгершін,

Қайтейін, өмірің көгерсін!

Әзірге мен бір жан белгісіз,

Әйтеуір соңында көрерсің.

Қатыгез қайсыбір сағатта

Өмірді келеді тастағың.

Сонда да үмітті жоғалтпа

Қаралы күндерден қашпағын.

Сабыр ет, тоқтау қыл, шеше біл,

Тағдырың улы оғын жолдаса.

Өзің-ақ ойлашы, несі өмір

Қуаныш, қайғысы болмаса.

Қай жерде тіршілік өмір бар,

Сол жерде қуаныш, қайғы да.

Болса да алдың құз, артың жар,

Төзе біл, өмір сүр, айныма.

Сұлтанмахмұт Торайғыров. Анау-мынау
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Арабшадан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу