Мұқағали Мақатаев. «Арулар»

Oinet.kz 29-08-2019 1327

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Арулар - асыл жандар!

Шуақ боп шашылғандар,

Қуат боп тасынғандар,

Құшақ боп ашылғандар,

Арулар -- асыл жандар!

Арулар - асыл жарлар!

Арулар - әрбір үйдің шаңырағы,

Әрбір үйге от болып жағылады.

Әрбір үйде таң болып атты-дағы,

Әрбір үйге сәуле боп жамырады.

Жимайды-ау бір шашылған шуақтарын,

Саясына келеді-ау, шуақтағың.

Жамандыққа қиярсың қалай ғана,

Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын.

Арулар - асыл жарлар, сағыныштар,

Өтініштер, құшақтар, жалыныштар...

Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,

Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.

Арулар - аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар - тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.

Мұқағали Мақатаев. «Қырқыншы жылдардағы бесік жырынан»
Мұқағали Мақатаев. «Сәуір айы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу