Мұқағали Мақатаев. «Қара қамба»

Oinet.kz 29-08-2019 975

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Әлі менің есімде қара қамба,

Қарның тойып қалатын қарағанда.

Жеткізе алмай тұрса да әр адамға,

Әбіужауһан болатын балаларға.

Шұрқырасып сабақтан тарағанда,

Ішімізді аш тазы жалағанда,

Өкпемізді қолға алып жетуші едік,

Ашық тұрса аңқайып қара қамба.

Жаңа келген мүгедек қамбашы аға,

Бастығынан жарлықты алмаса да,

Қалтамызды арпаға толтыратын,

Қабымызға шелектеп салмаса да.

Қарып тұрған қаңтардың суығында,

Тоюшы едік қайнақ су, қуырымға,

Қосымыз түзелгендей көрінетін,

Қисайып пәс-пәс қалған жығылуға.

Қарық қылмай тұрса да қара нанға,

Қара қамба құт еді балаларға.

Әкеміз тірілгендей қуанушы ек,

Аузы ашылып тұрса өгер қара қамба.

Мұқағали Мақатаев. «Соңғы сағатта»
Мұқағали Мақатаев. «Үнсіздік»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу