Мұқағали Мақатаев. «Таудағы нөсер»

Oinet.kz 29-08-2019 1205

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Алыста,

Сонау аспанда,

Атыстар, сірә, басталды.

Жай түсіп жатыр тастарға,

Жайратып жатыр асқарды.

Дірілдеп біраз тұрды да,

Гүрілдеп ала жөнелді.

Аспанды құдай ұрды ма?

Айырар ма екен төбемді!

Жарқ етті алды кезімнің,

Өртене жаздап, басылдым.

Отым ба, әлде, езімнің!?

Оты ма, әлде, жасынның!?

Жанымды болып қорғамақ,

Жалтарып, тұра қашқан ем.

Төбемнен төмен сорғалап,

Сөндірді нөсер, басты әрең...

Мәшһүр Жүсіп өмірбаяны
Мұқағали Мақатаев. «Күрсінбеші»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу