Төлен Әбдік шығармашылығы

Oinet.kz 28-08-2019 3726

Screenshot_10.jpg

Төлен Әбдік (1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы "Еңбек" ауылында туған) — қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).

Төлен Әбдікұлы 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы "Еңбек" ауылында дүниеге келген.

1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті)нің филология факултетін бітірген.

1965 - 1970 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.

1970 - 1977 жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.

1977 - 1979 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор.

1979 - 1990 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды.

1990 - 1992 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды.

1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі.

1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.

Шығармалары

Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды.[1]

Сонан бергі кезеңде

“Көкжиек” (1969)

“Күзгі жапырақтар” (1971)

“Ақиқат” (1974)

“Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары

Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған “Өліара” (1985)

“Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді.

“Біз үшеу едік” атты драма шығармасы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрында қойылды.

“Ақиқат” атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философия тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.[2]

Жастық шағында еркін күрестен спорт шеберлігін орындаған.

Сондай-ақ, домбырашылар оркестрінде күйші болған.

Марапаттары:

2002 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.

2003 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлығы және алтын медалі.

2004 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.

Қазақстанның ПЕН клубы сыйлығының иегері.

2013 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат Парасат ордені берілді.

Мұхтар Мағауин өмірбаяны
Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу