Абай Құнанбайұлы. Бойы бұлғаң
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Ќатты састым,
Тұра ќаштым жалма-жан.
Өз ойында
Тұл бойында
Еш міні жоќ бендесіп,
Түзде мырзаң,
Үйде сырдаң,
Сөзі ќылжаң еркесіп.
Бас ќұрасып,
Мал сұрасып,
Бермегенмен кетісер.
Адам аулап,
Сыпыра саулап,
Байды жаулап жетісер.
Сөз ќыдыртќан,
Жұрт ќұтыртќан,
Антын, арын саудалап,
Бұтты-шатты,
Үй санатты,
Байдан атты алмалап.
Кедейі — ер,
Кеселі зор,
Малды байдан сорлы жоќ.
Аш көмектің,
Жемдемектің,
Босќа әлектің орны жоќ.
Ел ќағынды,
Мал сабылды,
Ұрлыќ, өтірік гуде-гу.
Байы — баспаќ,
Биі саспаќ,
Әулекі аспаќ сыпыра ќу.
Аќы берген,
Айтса көнген
Тыныштыќ іздер елде жоќ.
Аќќа тартќан,
Жөнге ќайтќан,
Аќыл айтќан бенде жоќ.
Әз тұтуға,
Сыйласуға
Ќалмады жан бір татыр.
Сыпыра батыр,
Пәле шаќыр.
Болдың аќыр тап-таќыр.
Су жұғар ма,
Сөз ұғар ма
Сыпыра жылмаң жел буаз?
Айтты — көндім,
Алды — бердім,
Енді өкіндім — өзіме аз.