Мұқағали Мақатаев. «Ескі жұртта»

Oinet.kz 28-08-2019 913

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Айтсаңшы, көке-ау, қай маңда,

Орны менің үйімнің?

Қанып ең талай айранға,

Қолынан әжем Тиынның.

Орны қайда үйімнің?

Айтсайшы, көке-ау, қай маңда,

Мекені туыс, бауырдың?

Аттанған өзің майданға,

Орны қайда ауылдың?

Қай маңда, көке-ау, қай маңда,

Көрсетші біздің көшені?

...Пішені піскен жайлауда,

Сап-салқын самал еседі.

Жұрттарын іздеп қауымның,

Уақыт біраз текке өтті.

Орнына ескі ауылдың,

Жоңышқа шығып, көктепті.

Атыздарға арық боп,

Өзгеріп кеткен жылға да.

Өзгерістерге қарық боп,

Өзгермей тау тұр бір ғана.

Қай маңда еді?!

Қай маңда?!

(Екеуміз бірдей аңырдық)

Ескі жұрт - қазір жайлау да,

Жан-жағы шалғын, шабындық...

Абай Құнанбайұлы. Белгілі сөз: “өлді, өлді”
Абай Құнанбайұлы. Бойы бұлғаң
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу