Мұқағали Мақатаев. «Жетінші ноябрь, Алматы»

Oinet.kz 28-08-2019 939

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Бәрі де ұнасымды:

Неше тәулік түнерген күн ашылды,

Алаңдарды кернеген сән-салтанат,

Асылып Алатауға құлаш ұрды.

Алқызыл ұрандардан, жалаулардан,

Көшелерде алқызыл алау жанған.

Зиянсыз зеңбіректер атылуда,

Әскери қалашықтан, аландардан.

Ұнасымды, жарасымды,

Адамдардың барлығы бала-сынды.

Алаулаған Алматы тербеледі,

Қызғалдағы құлпырған дала-сынды.

...Есіме алдым ауылды, Қарасуды,

Сағыныштан көңілім аласұрды.

Қарасу да мейрамдап жатқан болар,

Салтанаты бойына жарасулы...

Тамашалап жатыр-ау таулы мекен,

Таулы мекен...

Жаныммен баулып өтем.

Бір уыс бұлт бір тамбай кетпеуші еді,

Қарасуға қар жауып қалды ма екен...

Мұқағали Мақатаев. «Жолдастарға»
Мұқағали Мақатаев. «Жездіде»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу