Мұқағали Мақатаев. «Жылқыбайдың жүрегі»

Oinet.kz 28-08-2019 1106

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Есімде әлі,

Қарасаздағы диірмен.

Су соққан барлық тастарды ұршық үйірген.

Есімде бәрі...

Жылқыбай қарттың үйі де,

Өзі де, диірмені де,

Аппақ тозаңға киінген.

Сақалы да аппақ,

Мұрты да аппақ,

Бәрі аппақ,

Мектептен шығып, жіңішкке судан әрі аттап,

Жылқыбай қартқа кететін еді жетімдер

Өзегі талып,

Аш лақтардай жалақтап.

Ортан жіліктей,

Темекісін қарт орайтын,

Орайтын-дағы, бір-бірлеп бізді санайтын.

Санайтын-дағы, қойнынан алып күлшесін,

Тепе-тең бөліп,

Күрсініп, ұзақ қарайтын.

...Су диірменді,

Әкеткен мұнан кім едің?

Ауылға барсам, айналып орнын жүремін,жүремін.

Қайтейін енді,

Осында мәңгі сақтаса,

Артында қалган Жылқыбай қарттың жүрегі...

Мұқағали Мақатаев. «Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам»
Мұқағали Мақатаев. «Жолдастарға»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу