Марфуға Айтқожина. Қосмола

Oinet.kz 24-01-2020 2372

А | Айтхожина Марфуға Ғалиқызы

Көргенде Бөгем таудың Қосмоласын,

Өткен өмір шежіресін жастанасың.

Әлде кімге

Сездіріп аяушылық,

Әлде кімге

Сен іштей қастанасың.

Бұл таудың самалы бар керімсалдай,

Ағайын, ат терлетер жерің шалғай.

Осынау Қосмоланың ішінде әлде,

Жатыр ма екі ғашық

Өрімталдай.

Соншама қастандыққа барса да адам,

Ерлігін паш ететін барша ғалам.

Жатыр ма

Махаббаттың құрбандары,

Аяулы ақ арманды арқалаған.

Туған жер куә болған сырларына,

Үзіліп кеткен жақсы ән —

Ырғағы ма.

Өтті екен содан бері қанша уақыт,

Қосмоланың томсарып тұрғанына...

Марфуға Айтқожина. Еркелік
Махаббат туралы өлеңдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу