Жұмекен Нәжімеденов: Көремісің, көз?
24-08-2020
Қайда ғана, қайда ғана, қарама,
Ұшып жатыр жапырақтар сарала.
Ойнайды олар туған жердің жүзінде,
Ей, табиғат, күзің бе бұл, күзің бе?
Бұлт төмендеп... Жер биіктеп бара ма,
ылай толқын үймеледі жағаға.
Шық үстінде қарауытты ізім де –
Ей, табиғат, күзің бе бұл, күзің бе?
Көрші ауылдың иті тыныш жатпады,
Сақ қой тіпті... О, «құдайдың» атқаны.
Кемпір сыртқа жүгіреді, қызы үйде –
Ей, табиғат, күзің бе бұл, күзің бе?!