Рэй Брэдберидің «Бақбақ шарабы» шығармасынан дәйексөздер

Oinet.kz 22-08-2020 666

Әйгілі америкалық фантаст жазушы Рэймонд Дуглас Брэдбери 1920 жылы 22 тамызда Иллинойс штатының Уокиган қаласында дүниеге келген. Оқырмандар оның танымал «Фарангейт бойынша 451 градус», «Марсиандық күнделіктер», «Бақбақ шарабы» секілді шығармаларымен жақсы таныс. «Бақбақ шарабы» шығармасы жазушының бала күніндегі өз басынан өткен оқиғаларға құрылған. Туынды 1928 жылы жаздағы шағын Грин-таун қаласында 12 жасар балақайдың бір жаздағы отбасымен, туыстарымен, достарымен, таныстарымен бірге өткізген қызықты күндері жайлы өрбиді. Біз сіздерге арнап жазушының «Бақбақ шарабы» шығармасынан үздік 10 дәйексөзді топтастырдық. 

image_l.jpg

Соғыста мүлдем жеңбейді, Чарли. Бәрі де тек жеңіледі, ал кім соңғы жеңілсе, сол бітімге келуді сұрайды. 


Неге адамдар кітап оқиды, ән тыңдайды? Уақытша ұмытылу үшін, өздерінен қашу үшін. Себебі, жақсы ән, жақсы кітап iшкi даусыңды естіртпейдi. Олар, құдды, сенi басқаратындай. Сен әннің әуезiне, кітаптың сюжетiне берiлiп кетесің де, өз уайымың мен ойларыңнан босап, автормен тілдескендей боласың. Бұл өз тәнiңнен шығып, басқа адамға айналу сияқты нәрсе. 


Маған жылап алған ұнайды. Жақсылап жылап алсаң, таң атып, қайтадан жаңа күн басталғандай болады. 


Өмір дегеніңіз – жалғыздық. 


Нені есіңе алғың келсе, соны әрдайым есіңе ала аласың. 


Егер әлденені ұзақ уақыт байқап көрмесең, оның қандай екенін еріксіз ұмыта бастайсың. 


Мына жарық әлемде осындай миллион қалашық бар. Әрқайсысы дәл осындай күңгірт, дәл осындай жалғыз, осылай салқын тартқан. Әрқайсысының өз қорқынышы мен құпиясы бар. 


Сен бұрын қандай болсаң, қазір де дәл сол қалпыңда қалғың келеді, бірақ ол мүмкін емес: сен бүгін ол адам емессің... 


Балаларға ер азамат боп қалыптасу үшін жиһанкез болу керек, өмір бойы саяхаттау керек. 


Маған кейде адамдар өз өлімін өзі іздеп жүргендей көрінеді


Ілияс Жансүгіров. Қазақ үйдің тұрмысы
Ілияс Жансүгіров. Май өлеңі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу