Ілияс Есенберлин: Ақ қайың
Ектім мен ұлыма арнап тал шыбықты,
Елемей күзгі суық ызғырықты,
Еккенде ұлыма арнап тал шыбықты,
Дедім мен ақ қайыңдай өссін мықты.
Қайырмасы:
Ақ қайың - ау, ақ қайың,
Мәпелейін, баптайын.
Ұлым сендей құлпырсын,
Маңдайынан қақпайын.
Күн сүйіп, жаңбыр құшып жазға салым,
Ақ қайың төкті жасыл жапырағын...
Жайқалды жас қайыңдай ұлым - дағы
Октябрь шашып алтын күн шапағын...
Қайырмасы:
Ақ қайың - ау, ақ қайың,
Мәпелейін, баптайын.
Ұлым сендей құлпырсын,
Маңдайынан қақпайын.
Қос қайың күннен-күнге құлпырады,
Жүрекке керген сайын жыр туады,
Тілеймін солар үшін сөнбесін деп,
Көкте күн, жерде Октябрь күн шуағы.