Бастық туралы тақпақ

Oinet.kz 14-01-2020 1563

Кей бір бастық басынар,

Елдің құтын қашырар.

Билікті алып қолына,

Өзінше асып-тасынар.


Жұмысты қояр тоқтатып,

«Алтыатарын» оқтатып.

Тырнақ астынан кір іздеп,

Жібермек болар босатып.


Жұмыстың көзін білместен,

Жақсының сөзін ілместен.

Жамандықты ойға түйеді

Қаңғытпа сөзбен тілдескен.


Жасалған істер күл болар,

Іздегені  тек пұл болар.

Сыбайластырып сарылтып,

Милары ашып су болар.

Серік Дербісбаев

Жақсы мен жаман. Өлең
Айкерім Қиықбай. Дүйсенбек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу