Сұлуын құшып жалғанның. Өлең

Oinet.kz 01-01-2020 813

Аламын қуат үніңнен,

Шарапат тиер білімнен.

Жұпар ауа жұтамын,

Іңкәрлі бал тіліңнен.


Қ-сы:

Сен едің қиял арманым,

Нәзік қой өмір талғамым.

Әлдилеп дәуір өткізсем,

Гүл егіп ғұмыр қалғанын.


Махаббат билеп сезімді,

Сағыныш сазы сезілді.

Ғажайып сенің келбетің,

Шыдатар емес төзімді.


Махаббат сезім тереңде,

Сөнегөр сұлу дегенге.

Неге сонша тартады,

Сыйқырың бар ма бейнеңде?

Дос туралы өлең
Өмір-әнім. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу