Махаббат туралы өлең
Жан жүрек жақсы көрсе сұлу жанды,
Ұйықтатпай атқызады әппақ таңды.
Арманның бар тілегі сен дегізіп,
Сүйе біл деп қинайды пәк жаныңды.
Қ-сы:
Махаббат білесің бе не екенін,
Жүзгені бұл теңізде ақ желкеннің.
Ойыңды сен ойлаған жасатпайтын,
Еріткін деп қинайды жүрегін ару жанның.
Махаббат судан терең әлде мұхит,
Мәпелеп қарамасаң ол да суиды.
Сен үшін балдай тәтті болса-дағы
Болмаса іңкәр сезім ол да құриды.
Махаббат бақыт жұлдыз қол жететін,
Жігерің болса жалын тербететін.
Кей жанда бұл қасиет бола бермес,
Тез келіп бұл махаббат тез кететін.