Тұрар Рысқұлов туралы шығарма
Тұрар Рысқұлов 1894 жылы Жетісу облысысында дүниеге келген. Ол мемлекет қайраткері болған.
Оның ерліктерінің бірі , аштықпен күресуге денсаулық сақтау халық комиссариатының күш-қуаты мүлдем жеткіліксіз болатын. Сондықтан да Рысқұлов аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына түрлі өкілдері кіретін арнайы ұйым құруды талап еткен.
1910 жылы Рысқұлов Бишкектегі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына аттанды. Ол Меркіге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар берген.
Ол жиырмаға жуық кітаптардың редакторы болды, жүздеген ғылыми және үгіт-насихаттық мақала жазып, жариялады. Коммунистік университетінде сабақ берді. Т. Рысқұлов еңбектерін оқи отырып, оның тамаша насихатшы, тарихи екендігіне көз жеткіземіз.