Зайда Елғондинова. Естелігінен

Oinet.kz 09-12-2019 2371

— Ләйләмен қалай таныстыңыз, айтып беріңізші? — дедім Жұматайға.

— Ол бір ұзақ әңгіме, — деп Жұмекең мұңайып қалды. 

Картинки по запросу зайда елғондинова және жұматай жақыпбаев

— Бір топ жігіт күзде мал дәрігерлік техникумға оқуға түстік. Келесі көктемде, жатақханада жиі-жиі бас қосулар, би кештері болып тұрды. Мен би билеуді онша сүймейтінмін. Сондай кештердің біріне барып, ішім пысып, шеткерілеу тұр едім, есіктен бір аққұба, қара көзді, әдемі қыз кірді. Соңында сіңлілері ме, кішірек бір топ қыз бар. Қыз кірген бойда шағын би алаңын көзімен шолып өтті де, мен тұрған жаққа жалт қарады. Менің өне бойым тоқ соққандай дір етті. Ол маған қарай жүрді, қанша батыр болсам да, мен енді сасайын дедім. Өмірімде әйел баласының алдында толқығаным бірінші рет шығар. Көзі оттай жанып, тіп-тік денесін шалқақ ұстап келіп мені биге шақырды. Мен би билемейтін едім, орнымнан қозғалмай, жымиып тұра бердім. Тосылып қалған қыз, бетіме жалт қарады. Өкпелегені ме, әлде кінәлағаны белгісіз, бетіме тесіле қараған ол, жалт бұрылды да, қасындағы кішкене қыздарға:

— Если он не будет моим, я не буду жить! — деп шыға жөнелді. Елдің бәрі бізге қарап қалыпты. Күйі таусылған күйтабақ сыр-сыр етіп бос шайқалып тұр. Мен орнымнан қозғала алмай әлі тұрмын. Өңім екенін де, түсім екенін де білмеймін. Бейтаныс бойжеткеннің албырт сөзі жүрегімді тіліп түсті. Ақырындап өзіме-өзім келген мен де би алаңынан жылыстап шығып кеттім. "Қара алмас көзді, қара алмас көзді" деген өлең жолдары тіліме орала берді, орала берді…


Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ,

Мойныңа жұқа алқызыл шарф байлап ап,

Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен,

Алыстан тұрдың көз қарасыңмен аймалап.


Қарадың солай, қарадың солай, обал не,

Қарамадың ба, жоқ әлде?


Кетіп те қалмай, кетіп те қалмай, содан кеп…

Керемет бір ой кешікпей маған соғар деп,

Балалық шығар, бармадым сенің қасыңа,

Батырлығым басыма пәле болар деп.


Ойладым солай, ойладым солай, обал не,

Қате ойладым ба, жоқ әлде?


Қуаныштан күліп, ойым бір шалқып билемек,

Кеттім мен сосын күнәсіз арман сүйрелеп.

Қара шашты бала ақын болып тұр екем,

Қабырғадағы айнадан көрсем үйге кеп.


Ақын боп кеттім, ақын боп кеттім, обал не,

Болмайын ба, жоқ әлде?

Әсет Ақмолданың әлеуметтік парақшасынан алынды

Рақымжан Отарбаев күнделігінен
Түрколог Василий Радлов жайлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу