Өлгенде жер қабылдамаған жезөкше

Oinet.kz 01-08-2023 1876

Бұл әңгімені атам айтып отырушы еді;

- Адам тіршілігінде жаман жолда жүріп, арам іспен шұғылданса, ертең өлгенде қара жер де жиіркеніп қабылдамай қояды,- деп.

Screenshot_11.jpg

Ауылда бір жезөкше әйел болды. Көрінген көк аттыны құр жібермейтін. Сол әйел өлгенде күнәсінің ауырлығы сонша, қара жер де қабылдай қоймады. Бір күні шашы шығып жатса, екінші күні саусақтары шығып жататын. Ал түн баласы жаны қиналып шыңғырған дауыстан маңайдағы ел ұйықтай алмаушы еді. 

Содан ауылдан тыныштық кетті десіп, ауылдың ақсақалдары жиналып молдамен не амал жасаймыз деп ойласып, шешімін тапқандай болыпты.

Сонда молда айтқан екен;

- Күнәсі ауыр пендені жер де қабылдамай, көрінен шығарып тастап жатыр. Енді тек бір амал бар, арам нәрсе қосып көму,- деп.

Сөйтіп ауыл адамдары, молданы ертіп барып, тиісті жоралғысын жасап, доңыздың тезегін қосып көміпті. Сол-сол екен, сол күнен бастап, жалбырап шығып қалатын шаш та, басқа мүшелері де сап тиылыпты.

Тылсым дүниенің біз түсіне алмайтын жұмбағы көп-ақ...

Қабір азабына куә болдым
Жатақханада құрбыма шабуылдаған сары шашты әйел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу