Абай Құнанбайұлы. Білімдіден шыққан сөз

Oinet.kz 28-08-2019 2319

olbooks.jpg

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкрегінде болсын көз.


Жүрегі - айна, көңігі - ояу,

Сөз тыңдамас ол баяу.

Өз өнері тұр таяу,

Ұқпасын ба сөзді тез?


Әблет басқан елерме,

Сөзге жуық келер ме?

Түзу сөзге сенер ме

Түзелмесін білген ез?


«Айтшы-айтшылап» жалынар,

Ұққыш жансып шабынар.

Ұқпай жатып жалығар,

Ұйқылы-ояу бойкүйез.


Жас баладай жеңсік қой,

Байлаулы емес ақыл, ой,

Ойлағаны - айт пен той,

Ыржаң - қылжаң ит мінез.


Сұлу қыз бен я батыр

Болмаған соң, тәңрі алғыр,

Шығып кетер, я қалғыр,

Оған ақыл - арам без.


Жақсыға айтсаң, жаны еріп,

Ұғар көңіл шын беріп,

Дертті ішіне ем көріп,

Неге алтынды десін жез.


«Ой, тәңір - айшыл» кер есек,

Қулық, сұмдық не өсек.

Болмаған соң, бір есеп -

Мейілі қамқа, мейілі бөз

Мұқағали Мақатаев өмір жолы
Абай Құнанбайұлы. Бір дәурен кемді күнге - бозбалалық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу