Абай Құнанбайұлы. Болды да партия

Болды да партия, 

Ел іші жарылды.

Әуремін мен тыя,

Дауың мен шарынды.


Құрбыдай хош тұттым

Жасың мен кәрінді.

Жоқтамай, ұмыттым,

Ақыл мен нәріңді.


Ортаға көп салдым

Өзімде барымды.

Япырым-ау, неңді алдым,

Сау қоймай арымды?


Ойымнан ой бөліп,

Қозғадың тамырды.

Көңілге тік келіп,

Кетірдің сабырды.


Өсекке салмаңдар

Ойымды, жарымды.

Өлшеуге алмаңдар,

Ойым бек тарылды.


Ұрыңнан асырдың

Сұм тілді қарынды.

Жасырдым, жасырдым,

Енді айттым зарымды

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Тайжан қазақ тілі мен әдебиеті оқулығын сынға алды
  • Мысыр пирамидалары қалай салынған?
  • Логикалық сұрақ
  • Абай Құнанбайұлы. Балалық өлді, білдің бе?
  • Абай Құнанбайұлы. Бай сейілді
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика