Toyota Alphard немесе Әзірейіл такси
24-07-2022
Қабдеш Жұмаділов (1936ж)
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965–1967), «Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.
Жазушының әдеби қызметі Шәуешек гимназиясында оқып жүргенде басталған. 1954 жылы «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңдері жарық көрді. «Жамал» атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы «Шұғыла» журналында басылды.
Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы «Жас дәурен» деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін жазушы бірыңғай проза жазуға ойысқан. «Қаздар қайтып барады» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, «Көкейкесті» романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар, он шақты роман туды. Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Оның екі кітаптан тұратын «Соңғы көш» (1974–1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған. «Соңғы көш» дилогиясына 1983 жылы М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық, «Тағдыр» романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері:
1936-жыл, 24-көкек. Жазушы Қабдеш Жұмаділов Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келді.
1944-1947 жылдар. Өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды.
1949-жыл. Шәуешектегі жеті жылдық қазақ мектебіне оқуға түсті.
1952-1956 жылдар. Шәуешек гимназиясында оқыды.
1954-жыл. Үрімшіде шығатын «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңі жарық көрді.
1956-жыл. «Шұғыла» журналының бірінші нөмірінде «Жамал» атты тұңғыш әңгімесі басылды.
1956-1958 жылдар. Қытай үкіметінің жолдауымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінде оқыды.
1958-1962 жылдар. Қытайда саяси қуғын-сүргінге ұшырады.
1962-жыл. Шынжаңнан ауған қалың көштің бұйдасын ұстап, атажұрт Қазақстанға қайтып оралды.
1962-1965 жылдар. Алматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттік университетін бітіріп шықты.
1965-жыл. Өзімен тағдырлас Самал Әукенқызына үйленді.
1965-1967 жылдар. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеді.
1967-1976 жылдар. «Жазушы» баспасының проза бөлімінде аға редактор болды.
1976-1981 жылдар. Мемлекетгік Баспасөз комитетінде қызмет атқарды.
1981-жыл. Кеңсе қызметін тастап, бірыңғай шығармашылық жұмысқа көшті.
1983-жыл. «Соңғы көш» романы үшін жазушыға М. Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілді.
1989-жыл. Жазушы арада отыз жыл өткенде Шынжаңға сапар шегіп, ата қонысын аралап қайтты.
1990-жыл. Қ. Жұмаділовке «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
1996-жыл. Жазушының 60 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы салтанатпен атап өтті.
1998-жыл, 23-қазан. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді.
Шығармалары:
«Жас дәурен». Өлеңдер жинағы: «Жазушы».— Алматы, 1966.
«Қаздар қайтып барады». Әңгімелер жинағы: «Жазушы», 1968.
«Көкейкесті». Роман. «Жазушы», 1969.
«Зов» — «Көкейкесті» романының орысшасы: «Жазушы», 1972.
«Соңғы көш». Роман, І-кітап: «Жазушы», 1974.
«Бақыт жолында». Роман, әңгімелер: «Жазушы», 1976.
«Саржайлау». Повестъ, әңгімелер: «Жазушы», 1978.
«Последнее кочевье» — «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Орыс тілінде: «Жазушы», 1980.
«Соңғы көш». Роман-дилогияның екінші кітабы: «Жазушы», 1981.
«Шарайна». Роман. повесть, әңгімелер: «Жалын», 1982.
«Көштен соңыра» - «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Түрік тілінде: Стамбул, 1983.
«Сәйгүліктер». Повестер топтамасы. «Жазушы», 1984.
«Атамекен». Роман. «Жалын», 1985.
«Тағдыр». Роман. «Жазушы», 1988.
«Екі томдық таңдамалы шығармалар». Повесть, әңгімелер: «Жазушы», 1989.
«Последнее кочевье». Роман-дилогия. Орыс тілінде: «Жазушы», 1992.
«Дарабоз». Тарихи романның бірінші кітабы: «Шабыт», 1994.
«Земля отцов» — «Атамекен» романының орысша аудармасы; «Жалын», 1996.
«Дарабоз». Тарихи романның екінші кітабы: «Жазушы», 1996.
«Соңғы көш». Роман-дилогиясы көп жылдан кейін бірінші рет қайта басылды: «Жазушы», 1998.
«Дарабоз». Тарихи роман-дилогия. Орыс тілінде: «Сөздік», 1999.
«Қалың елім, қазағым». Пікірлер, ойлар, толғаныстар: «Қазақстан», 1999.
«Таңғажайып дүние». Ғұмырнамалық роман: «Тамыр», 1999.
Жұмаділов шығармалары көптеген шет ел тілдерінде, соның ішінде орыс, украин, беларусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде жарық көрген. Қазақстан Мемлекет сыйлығының лауреаты (1990).