Отбасы туралы тақпақтар (балабақша)

Oinet.kz 02-08-2019 65440

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым - атам,

Балан үйрек - апам,

Ортан терек - әкем,

Шылдыр шүмек - анам,

Кішкентай бөбек - мен.

Біз үйде нешеуміз?

Біз үйде – бесеуміз.

497sdt9f.jpg

...

Әкем мен анам бар.

Әкемнің әкесі,

Ақ басты атам бар.

Әкемнің шешесі,

Ақ шашты әжем бар.

...

Ұлдардың үлкені,

Бір туған ағам бар.

Қыздардың үлкені,

Бір туған әпкем бар.

...

Ұлдардың кішісі,

Бір туған інім бар.

Қыздардың кішісі,

Бір туған қарындас,

Әпкеге - сіңлі бар.

...

Ата - ана асқар тау алдымдағы

Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі

Өзің берген өнеге тәрбиеңмен

Бақыттымыз жанұя бауырындағы.

...

Жылжи берші кезім емес жасқанар

Бөгей алмас білім атты тас қамал

Отанның аяулысы боларсың

Отан деген отбасынан басталар.

...

Сізсіз әке - ең ақылды, ең сыршыл

Сізсіз әке - ең жақыным, ең шыншыл

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің

Жанымдасың қамқорымсың білемін

Қабыл алғын бала жүрек тілегін

...

Үйде бар өте әдемі әйел,

Оның аты "ана".

Үйде бар өте күшті аға,

Оның аты "әке".

...

Отбасым менің - бақытым

Отбасым менің - шаттығым

Отбасым барда ешқашан

Үзілмес менің үмітім

...

От басы – жылы ұямыз, 

Тірегі – ата-анамыз. 

Уыз сүт еміп осында, 

Уылжып біздер өсеміз.

Осында үлгі аламыз, 

Осында адам боламыз. 

Еркелеп, ойнап, еліктеп, 

Осында өсіп толамыз

Тәрбие мектеп – от басы, 

Ақылды баулып, тіл ұштар. 

Өрімдей тезге тартылған 

Әдепті бейне дұрыстар.

Ата-ана болса өрнекті, 

Ұл мен қыз өсер көрнекті. 

Әуезов Мұхаң айтқандай: 

Түзейік бесік-жөргекті.

Тышқан туралы тақпақтар
Достық туралы тақпақтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу