Шымкент: 456 азаматқа қайтарымсыз грант беріледі

Oinet.kz 09-04-2024 949

24-1.jpg 

Шымкент қаласында  жұмыспен қамту шаралары нәтижесін беруде. Мегаполисте әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны өткен жылдың осы кезенімен салыстырғанда 31,7% азайып, 6443-ті құрады. Бұл жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева баспасөз брифингте баяндады.        

Ал бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 2023 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда -31,3% төмендеген.

Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден бір жолы – ол азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни  жаңа бизнес идеяларды іске асыру болып табылады.  Осы бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Оларға -  атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар.

Грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішұ  мөлшерінде беріледі (2023 жылы 1350,0 мың теңге, 2024 жылы 3692х400=1476,0 мың теңге). Грантқа үміткерлер, яғни халықты осал тобына жататын азаматтар бірінші кезекте «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, арнайы куәлік алуы тиіс. Алынған куәлік 3 жыл мерзімге жарайды. Екіншіден – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік тарапынан әзірленген «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде өтінім ұсынуы тиіс.

2024 жылы грант екі лекте, 2024 жылдың сәуір айы (213 адам) және маусым (213 адам) айларында беріледі. Жалпы жоспар 426 адам.        Бірінші лек 2024 жылдың 8 сәуірінен-18 сәуірге дейін өтінімдер айтып өткен порталда қабылданады.

Ұсынылған өтінімдер арнайы құрылған комиссияның алдында әрбір азамат бизнес жоспарын таныстырады. Комиссия құрамына кәсіпкерлер палатасы, мүдделі басқармалар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылар кіреді.

2023 жылы 452 адамға қайтарымсыз грант берілген оның ішінде

санаттарға бөлінісінде  42 адам АӘК алушылар,  88  адам еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдар, 215 адам көпбалалы отбасылар, 71 адам мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам, 36 адам асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.  Салаларға тоқталсақ, 79 адам өндіріс, 48 адам мал және құс шаруашылығы, 13 адам оқу орталығын ашу, 90 адам қызмет көрсету, 96 адам тігін, 8 адам сұлулық саланы, 104 адам жартылай өнім, 14 адам автокөліктің қызметтері бойынша берілген.

 


Шымкент: 273 жасқа жеңілдетілген несие беріледі
Шымкент—Париж арасында әуе тасымалы ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу