Сөздермен дыбыстар (ашық сабақ)

Oinet.kz 01-07-2019 1108

daycare-1050x700.jpg

Сабақ түрі:Сауат ашу. 

Сабақтың тақырыбы:«Сөздермен дыбыстар» 

Сабақтың мақсаты:

1. Сөз, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. 

2. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру. 

3. Есту қабілетін жетілдіру. 

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте әріптер.  

Сабақ барысы: Балалар назарын өзіме аударып, есік қағамын, олардан не естігендерін сұраймын. 

—         Дұрыс балалар, сендер дыбыс естідіңдер. 

—         Дыбыстар әр түрлі болады. 

Мысалы: А-А десек. 

Оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. 

Ал енді бір дыбыстардың айтылуы қысқа . 

М; Д дыбысы. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік. 

—         Айырмашылығы қандай? Енді осы дыбыстардан сөз құрайық.Алдарыңда тұрған суреттерден көрген заттардың аттарын атаңдар. 

—         Сөз бір нәрсе туралы ұғымды білдіреді. Қуыршақ бұл ойыншықты білдіреді. Осы сияқты басқа сөздерді де айтуға болады. Сөз дыбыстан құралады.

 —         Енді балалар «Ана» сөзін талдайық. «Ана» деген сөзде  неше дыбыс бар? 

—         Дұрыс айтасыңдар, ана сөзі үш дыбыстан құралған. Келесі сөзді өздерің ойлап, неше дыбыстан тұратынын айтыңдар. Балалардың жауабы тыңдалады. А

лфавит сыры: Алфавиттің А тұрады басында. 

Әрқашанда Ә тұрады қасында, Байқадың ба Б тұрады үшінші, Ал, осының сыры неде? 

Түсінші. А деген ол – Аналар ғой ардақты. Ә деген ол – Әкелер ғой салмақты, Б деген ол – Балалар ғой әдемі, Біздің елде Үшеуіде кәделі…. Алшақ кетпей, Сондықтан да, расында, Тұрады олар Алфавиттің басында! —         Жақсы балалар , енді дыбыспен сөздің айырмашылығы неде? соны айтып беріңдерші. —         Дыбыс қандай болады? —         Жан – жануарлар қалай дыбыстайды? Қорытынды: Балалар бүгінгі тақырып бойынша мағлұмат алды. Ең көп сабаққа қатысып отырған бала мадақталды.

Тәуелсіз елдің ұландары (ашық сабақ)
Тапқыр болсаң, талас жоқ (ашық сабақ)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу