Жатыпішер күйеуімді қайтерімді білмей жүрмін
07-10-2022
Мақсаты: Балалардың математикаға деген қызығушылыған арттыру, табандылыққа, ойлаған мақсатына жету дағдыларына тәрбиелеу. Балалардың ойлау қабілетін дамыту мен қатар өз дербестігін көрсете білуге үйрету.
Әртүрлі тапсырмаларды ойланып жауап беруге үйрету. Логикалық ойлау қабілетін жетілдіру. Тәрбиеші: — балалар бүгін біздің сайысымыз «Тапқыр болсаң, талас жоқ» деп аталады .
Ол үшін балалар 2 топқа бөлінеді. «Қыран», «Қарлығаш» .Топта 6 – дан бала болады 1- топ: «Қыран» тобының жетекшісі Алтынай.
2- топ «Қарлығыш» тобының жетекшісі Дамели «Қарлығыш» тобынан «Қырын» тобына жалынды Сәлем! Біздің ұранымыз: Қолды көке созайық, Азайтайық, қосайық. Сан есептің сарайын, Бірге қане ашайық.
«Қырын» тобынан «Қарлығыш» тобына жалынды Сәлем! Ұшақтанда ұшқырмыз, Желден озған жүйрікпіз. Жарысуға сендермен, Келіп тұрған мықтымыз.
Тәрбиеші: Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар, Асығыстық қылмаңдар. Асықпайық дегенде, Бөгеліп көп тұрмаңдар. Балалардың дұрыс жауаптарын жұлдызша арқылы марапаттаймыз. Сайысымызда қай топ көп жұлдызша жинаса сол топ жеңіске жетеді. №1 Тапсырма: 1- Бір жылда неше ай бар? 2- Қазір жылдың қай мезгілі? 3- Қыс мезгілінің алдында қай жыл мезгіл өтті? 4- Енді қай жыл мезгіл болады? 5- Қыс мезгілінде неше ай бар? 6- Қыс мезгілінің айларын ата?
2- Тапсырма: Жұмбақ сайысын бастайық, Ойланайық, саспайық. Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық.
1- ші бала: Жиын терін болатын, Қамбаға астық толатын. Қызыл қырман ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың?
2- ші бала Шанамен зырлап желетін, Шаңғы коньки тебетін. Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың?
3- ші бала Бұлтты айдап желдеткен, Нөсерлеткен, селдеткен.
Шалшық кешіп ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың?
4- ші бала Қойны толы жеміске, Көк майсалы еңісте.
Көбелек қуып ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? №2.Тапсырма: Сандарды тура және кері санамақ арқылы санау. Санамақ.
1- дегенім бөрік, кисең бойға көрік.
2- дегенім етік, киер сәнді етіп.
3- дененім ішік, теріден тігер пішіп.
4- дегенім тымақ, қыста кисең жыл- ақ
5- дегенім байпақ, іші жылы тайпақ
6- дегенім алқа, мойныңа тақ алда
7- дегенім жейде, кір болмасын кейде
8- дегенім сенсең, жылысы тонның сенсең
9- дегенім телпек, болма бала тентек
10- дегенім оймақ, жүрме босқа ойнап.
Кері санамақ.
10- ойланып, 9 – толғанып, 8- рет сызып, 7- рет бұзып, 6- рет қарап, 5- рет санап, 4- түйме қадап, 3- тал үкі тағып, 2- қолым талып, 1-Бөрік тіктім, әрең біттім.
№3 Тапсырма: 30 секунт ішінде 10 моншақ тастарын жіпке тізу.
№4тапсырма. Жаңылтпаш қайталату. Орта қойдым, Торта қойдым. Торта қойдым, Орта қойдым. Үш кісі ішік пішті, Бес кісі ішік пішті. Неше кісі ішік пішті? Тас тостаған, Тас тостағанның ішіне, Тас тастаған. Дүкенде доп көп болыпты, Ақ доп, көп болыпты. Ақ доптан, көк доп көп болыпты.
№5 Тапсырма: Ауызша есептер.
Аулада 5 үйрек Қорада 3 үйрек 1 үйрек тығылды 1 үйрек жығылды Қалғаны неше үйрек? Көлден тұшты 7 қаз, Қайтып келді екі қаз. Қонбай кетті неше қаз. Бір алманы 4- ке бөлдім, Бір бөлігін жеп те көрдім. Қалған үш бөлігін, Қасымдағы үш досыма бердім. Қолымда не қалды? Дүкеннен сабын алдым, Және оның қабын алдым. 2 дәптер, 1 карандаш, Тіс ысқышты тағы алдым. Сонда бәрі қанша болды?
№ 6 Тапсырма: Айырмашылығын тап. Суретті көрсетіп қай топ көп айырмашылық табады.
Сергіту сәті. «Шаңырақ» ойыны
Шарты: балаларға төрт бұрышты орамал жайылып қойылады, әуенмен балалар айналып жүгіреді, әуен тоқтаған кезде балалар орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтеру керек. Шаңырақты қай топ бірінші көтерсе сол топ жеңіске жетеді.
№7 Тапсырма: Суретші нені шатастырды.
2 топта суреттегі өзгерістерді атап беру.
№8 Тапсырма «Танграм» ойыны Шарты: шаршы қағазды геометриялық пішіндер арқылы
6 –бөліке бөлу керек. Сол геометриялық пішіндерден Мысық пен Ат құрастыру. №9 Тапсырма:Кеңістікті бағдарлау. Марат Қайраттың сол жағында отыр. Қайрат Серіктің оң жағында отыр. Қай бала қайда отырғанын көрсет.
10-Тапсырма суретті аяқта
Топтан бір – бір бала мальбертке келіп аяқталмаған суретті 1- минут ішінде салу керек.
Жарыс соңында балалардың жинаған жұлдызшаларын санап, жеңіске жеткен топты құттықтау.
Сайысқа қатысқан балаларға сыйлықтар тарату.