Өмірге сау ұрпақ әкелді

Oinet.kz 23-04-2023 4216

Шымкентте ВИЧ жұқтырған 646 әйел өмірге дені сау ұрпақ әкелген.  Бұл туралы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары мәлемдеді. Салаға жауаптылардың сөзінше, инфекция жұқтырған аналар мен балалар қоғамға қауіпті емес.

сайт 83 фото.jpg

Шымкентте ВИЧ жұқтырған 646 әйел босанған. Орталықта тіркеуде тұратын азаматшалардың барлығы дені сау сәбиді дүниеге әкелген.  ВИЧ инфекциясын жұқтырған аналардың балаларын дәрігерлер бір жылдан кейін ғана есептен шығарып,  диагноз қояды.  Салаға жауаптылардың сөзінше, ВИЧке шалдыққандардың басым бөлігі  жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар. Өкініштісі сол, инфекция жұқтырғандар ауруын мойындамай, ем жасауға қарсылық танытады.  Бірақ АИТВ инфекциясын жұқтырғандар дер кезінде ем алса өмір  сүру ұзақтығы  дені сау адаммен бірдей болады дейді мамандар. 

Қожахмет Маширов ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

  «АИТВ адам ағзасын әр түрлі инфекциядан қорғайтын иммунды жүйені зақымдайды. Біз  АИТВ инфекциясын емдеуде  ДДҰ ұсынған хаттамаларды қорлданамыз. АИТВ шалдыққан адамның өмірін дәрі беру арқылы ұзартуға болады.  Өмір ұзақтығына дейін созуға болады. Егер дәрі ішіп, уақытылы ем алса өмір ұзақтығы табиғи сау адамен бірге созылуы мүмкін: Сондай-ақ  дені сау бала әкеле алады» 

АИТВ инфекциясы бар азаматтарға ЖИТС орталықтарында емдеу жұмыстары тегін жүргізіледі.

АИТВ-адамның иммунитет тапшылығының вирусы-ағзаны әртүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныш жүйесін зақымдайды. АИТВ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды (Т-хелперлер).

ЖИТС-жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы –АИТВ-мен байланысты туындайтын сырқат. ЖИТС –АИТВ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі таңға дейін АИТВ және ЖИТС-тан толықтай айықтыратын дәрі-дәрмек табылмай отыр. Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады. Өкінішке орай, кез-келген адам АИТВ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін, алайда жұқтыруға әкеп соғу жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп, тәуекелден бас тартсаң, АИТВ және ЖИТС-тың таралуының алдын алуға болады.


Жас келсе, іске
Жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу