Жас келсе, іске

Oinet.kz 23-04-2023 4356

сайт 82 фото.jpg

Қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамту — күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылы бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2023-2025 жылдар аралығында 3,3 милионнан астам азаматты, оның ішінде 2,3 млн жас маманды жұмысқа орналастыру көзделген.

Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы – 7 628, 2024 жылы – 8 000, 2025 жылы 8 200 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде былтыр 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Іс жүзінде 39 058 адам қатысып, жоспар 116,3 пайызға орындалған. Жастардың үлесі 43,5 пайызға жетіп, 16 980 адам қамтылды.

Былтыр қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы кәсіби білім беру бойынша 1 287 жасты оқуға жолдаған. Олардың 470-і жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыс орындарында, 262-сі жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқыса, 555 адам еnbek.kz порталында онлайн дәріс алған. Ал 15 376 азаматқа кәсіпкерлік қолдау көрсетілген. Оның ішінде 7 084 -і жастар. Мұндағы 6 629 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жолданса, 455 жасқа өтеусіз негізде мемлекеттік грант берілген.

Сонымен қатар, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 5314 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Оның ішінде - 3 855 жас маман. 37 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 2378-і жастар практикасы бойынша, 1115-і қоғамдық жұмысқа, 304-і «Алғашқы жұмыс орындары» және 21-і «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы арқылы жолдама алған.

Айта кетейік, 13 847 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған болса, оның ішінде жастар саны — 4 752.


Балалар қабілетін ашатын 4 орталық бой көтереді
Өмірге сау ұрпақ әкелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу