Ғылыми жұмыс: Мектеп бітірушілердің психологиялық – физиологиялық жағдайын ескере отырып ҰБТ-ға дайы
ҰБТ-ға дайындау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ӨРЛЕУ» АҚ
«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ ШҚО БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
Бағыты: Қазіргі заман жағдайында білім берудің психологиялық-педагогикалық мәселелері.
Тақырыбы: Мектеп бітірушілердің психологиялық – физиологиялық жағдайын ескере отырып ҰБТ-ға дайындау.
Жобаның авторы: Нукиева Миргул Адилбековна
Ғылыми жетекші: Жаксылыкова Гульмира Идрышевна
Өскемен 2014
МАЗМҰНЫ
1. КІРІСПЕ ............................................................................ 3 бет
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ........................................................................... 5 бет
2.1. ТЕОРИЯЛЫҚ .........................................................................10 бет
2.2. ПРАКТИКАЛЫҚ ......................................................................... 15 бет
3. ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................16 бет
КІРІСПЕ
Жобаның мақсаты: Білім беруде сапалы да нәтижелі жетістікке жетудің жолдарын қарастыру, педагогтарға оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдістерін ұсыну және ҰБТ сәтсіз тапсырған оқушылардың кейбір суицидтік жағдайларға барудың себептерін қарастыру.
Жобаның міндеттері:
- ҰБТ тапсыратын оқушылардың психологиялық жағдайын анықтау үшін қолданылатын әдістің түрлерін таңдау.
- Таңдап алынған әдістер бойынша нәтижеге жетуге бағытталған сараптамалар мен зерттеулер жүргізу.
Зерттеу нысаны:
Көгедай орта мектебінің 11-сынып оқушыларыОқушылар оқу үлгерімі бойынша үш топқа бөлінді: 1 топ - «қанағаттанарлық» бағаға оқитындар; 2 топ – «жақсы» бағаға оқитындар; 3 топ – «өте жақсы» бағаға оқитындар.
Ғылыми жобаның болжамы:
Егер зерттеу жұмысы оңды нәтижелер мен нақты мәліметтер беретін болса, онда қоғамға қажетті актуалды проблеманы шешудің тиімді жолдарын қарастыра отырып, түрлі ұсыныстар мен қорытындылар жасауға болады. Себебі ҰБТ барысында кездестірілетін барлық қиындықтарды шешу жолында зерттеу қорытындысына сүйенетін болса, емтихан соңында жоғары көрсеткішке жетуге болатын еді.
Зерттеу пәні:педагогика-психология
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы және практикалық құндылығы:
Білім беруде сапалы да нәтижелі жетістікке жетудің жолдарын қарастыру, педагогтарға оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдістерін ұсыну.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
Теориялық – әдебиеттерге шолу жасау.
Практикалық – зерттеу жұмысының негізгі кезеңі болып табылады. Зерттеу әдістерін пайдалана отырып, жобаланған болжамға сай нақты қорытындыға келуге жұмыстар жасау.
Қорытындылау - жасалған зерттеу жұмыстарынан алынған нәтиже бойынша нақты қорытындыға келе отырып ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер:
Бірінші: психологиялық – оқушылардың жеке психологиялық функцияларына тоқталу. Әдебиеттердің көмегімен сараптама жүргізе отырып, психологиялық топтарға бөлу.
Екінші: физиологиялық зерттеулер төмендегілерден құралған:
1. Балалардың физикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін қарапайым
дәстүрлі әдістер кешені қолданылды. Соның ішінде балалардың бойы, дене салмағы, кеуде қуысының ауқымы өлшенді. Бойды өлшеуде арнайы бойөлшегіш (ростметр), кеуде қуысын өлшегенде сантиметрлік лента пайдаланылды, дене салмағы медициналық таразымен (нақтылығы 50грамм) өлшенді.
2. Физикалық жағдайға физикалық жағдай индексі (ФЖИ) бойынша баға беру, функционалдық өзгерістер индексі бойынша (ФӨИ) бейімделу потенциалын (БП) анықтау.
3. Г.Д.Айзенка (1992) әдісі бойынша тұлғаның индивидуалды - психологиялық сипаттарын зерттеу.
4. Мөлшерленген оқу үлес салмағына дейін және кейін тамыр соғысын және қан қысымын өлшеу.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Алғашқы жылдары Қазақстан Республикасының ЖОО-да кешенді тестілеу технологиясы қолданылып келді. Осы технология 2004 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу ретінде қолданысқа енгізілді. ҰБТ орта мектептегі бітірушілердің қорытынды аттестациясы мен ЖОО – на түсу емтихандарын біріктіретіні баршамызға мәлім. Жалпы, ҰБТ білім беру мекемесінің жұмысына баға беруге, олардың шынайы рейтингісін анықтауға, қоғам назарын орта білім беру проблемаларына назар аударуға, оқу бағдарламасы мен оқулықтарды, оқыту технологиясы мен ұстаздардың дайындығын жақсартуға ықпал етеді деп ойластырылған.
Бүгінгі таңда іске асырылып жатқан жұмыстар өзінің оңды нәтижелерін беруде. Алайда, ҰБТ-ға дайындық барысында мектеп түлектерінің психологиялық-физиологиялық жағдайы көп жағдайда ойға алына бермейді, ҰБТ-ға дайындықтың нақты әдіс-тәсілдері ұсынылмаған, назарда ұсталынбайды, терең зерттелінбейді. Осының салдарынан емтихан қорытындысы ойдағыдай нәтиже бермейді, ал тіпті емтихан соңында оқушылардың тарапынан қорқынышты суицидтік жағдайлар және отбасымен келіспеушілік жанжалдары туып жатады.
Осы жағдайды ескере отырып, ҰБТ-жетістігі мен проблемасы бүгінгі актуалды тақырыптардың бірі болғандықтан осы зерттеу жұмысы қолға алынды. 2011-2012 оқу жылындағы «Көгедай орта мектебінің» 11-сынып оқушыларына бірнеше зерттеулер жүргізілді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұдан шығатын мектеп әкімшілігінежалпы ұсыныстар:
А. Балаларды медициналық тексеруден өткізуде денсаулығындағы
ауытқушылықтарды ерте анықтау мақсатында скрининг-сауалнама
жүргізу керек.
В. Денсаулық статусы төмендеген балалар қатер тобына жатқызылып, нашар
статусты балалар диспансерлік есепке алынуы тиіс.
С. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау барысында психологиялық топқа бөлу.
Д. Оқу-тәрбие процесінің гигиеналық регламентациясы
Е. Қосымша сабақ кестесін пәндердің қиындық шкаласы бойынша және
оқушылардың қабілет мүмкіндіктерін ескере отырып құрастыру.
2. Ұстаздарға жадынама:
А. оқушыларды психологиялық топқа бөле отырып жекелей тапсырмалар
беру.
В. Баланы үнемі сынай берсе ол жеккөргенді үйренеді.
С. Егер баланы қолдап тұрса, онда ол өзіне сенуді үйренеді.
Д. Егер балаға күле берсе, ол кінәлі сезіммен өседі.
Е. Егер баланы мақтаса, онда ол игілікті болып өседі
3. Ата-аналарға жадынама:
А. Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмай баланың тәртібін, оқу
үлгірімін қадағалау.
В. Баланың күнделікті өмірі, оқуындағы табысымен ой бөлісуі.
С. Оқушының сабақ қарау және демалу, сондай-ақ тамақтану уақытына мұқият
болу, жағдай жасау.
Д. Ата-ана оқушының болашаққа дұрыс қадам жасауына жауапты екенін
түсіну.
4. Оқушыларға жадынама:
А. Өзіңнің жұмыс орныңды дұрыс ұйымдастыр. Өзіңнің үстеліңнің үстіне сары
не күлгін түсті заттарды қой. Өйткені, бұл түстер оқуға құштарлығыңды
арттырады.
В. Материалды сұрақ бойынша қайтала. Біріншіден, білетініңді есіңе түсір де,
қысқаша жазып ал, содан соң жазғаныңның дұрыстығын тексер. Кітап оқып
отырып негізгі ойды белгіле. Әр сұраққа қысқаша жоспар құруға дағдылан.
С. Күнді үш бөлікке бөл:
-емтиханға дайындық -8 сағат
-спортпен шұғылдан, таза ауада демал-8 сағат
-жақсылып ұйықтауға немесе көңіліңнің қалауын қанағаттандыруға-8 сағат.
Д. -көзіңді оңға-солға қимылдат(15 сек), асты-үстіне(25 сек) қозғалт.
-көзіңмен өз аты-жөніңді жаз
-квадраттың, ұшбұрыштыңсуретін сал
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Неменко Б.А. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
2. Кучма А. Гигиена детей подростков
3. Грейс Крайг Психология развития
4. Муханов. Жасөспірімдер психологиясы
5. Abykon.ucoz.kz ғаламтор беттері